Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды. Қазір елдімекен қоршауға алынып, блок пост қойылған.
Ержан Жақып, тілші:
Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Оған себеп ауыл тұрғыны сібір жарасына шалдыққан деген күдікке ілінген. Науқастан тиісті анализдер алынып тексерілген. Алайда «сібір жарасы» деген болжам расталмады. Соған қарамастан Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия халық қауіпсіздігі үшін, жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялауға шешім қабылдаған.
Ержан Барышев, Облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Облыстық ветеринария басқармасы және де аудандық ветеринарлық станция аурудың шығуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Материалдар алынды зерттеуге. Лабараторияға тапсырылды.
Ержан Жақып, тілші:
Қазір Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылған. Мамандар «сібір жарасы» ауру малдың етінен, жүнінен, ластанған тағамдар мен ауызсудан жұғуы мүмкін деп отыр. Сол себепті елдімекеннен ауылшарушылық өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылған.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылы қысқа үйренген жұрт қатал қысқа дайын болмай шықты
12.02.2026, 20:30
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06