Қарағанды облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
Қарағанды облысында 20 шақты ауыл жарықсыз қалды. Кен таситын ауыр жүк көлігі жоғары кернеулі электр желісін үзіп кеткен. Бұл Топар ГРЭС-нен Қарқаралы мен Бұқар жырау аудандарына тоқ жеткізіп тұрған негізгі желі. Ұзындығы 250 шақырым. Сондықтан жөндеу оңайға соқпай тұр.
Гүлбарам Әділғожина, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:
Бұқар жырау ауданының тұтынушылары толығымен жарыққа қосылды. Қазір Қарқаралы ауданы бойынша бригадалар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. «Қарағанды жарық» кәсіпорыны кешке дейін бір желіні жөндеп, тұтынушыларды тоққа қосуды жоспарлап отыр. Ертеңгі күні екінші желіні қалпына келтіружалғасатын болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16