Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 миллиард долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 миллиард долларға жетті

08.06.2023

Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 миллиард долларға жетті. Бұл жөнінде Астана халықаралық форумында еліміздің Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Бүгінде көрші бауырлас елдегі халықтың саны 36 миллионға жеткен. Ресми өкіл алдағы 5 жылда екі ел арасындағы алыс-беріс көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланып отырғанын жеткізді.

Бейбіт Атамқұлов, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Өзбекстанның Премьер-Министрімен бірге келдік. Үлкен топ келді. Бүгінгі таңда Өзбекстан мен Қазақстан арасы дамып жатыр. Бүгінгі сауда экономикалық қарым-қатынас бізде 5 млрдқа дейін жетті. Мына 28-30 жылға дейін 10 млрдқа дейін жетуіміз қажет.
Самал Қабышева 

Хабарламаларға жазылу