Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық 5 млрд долларға жетті

22.10.2019

Бүгін елордада неміс бизнесінің III конференциясы басталды. Шараға Еуразиялық одаққа мүше елдерінің сауда палатасы өкілдері қатысты. Алқалы жиын барысында Еуразиялық одаққа мүше елдермен арадағы сауда-саттықты жандандыру мәселесі сөз болды. 

Мәселен, өткен жылы Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық 5 млрд долларға жеткен. Көбіне Германия біздің елден шикізат өнімдерін сатып алады. Керісінше қазақ елі еуропалықтардан көлік, электрожабдықтар әкеледі.

Александр Шпаак, Орталық Азиядағы Германия сауда өкілдігінің басшысы:

Неміс бизнесі Еуразиялық одақпен сауда-саттыққа ерекше мән береді. Арадағы алыс-берісті реттейтін кейбір заңанамалық регламенттерге бүгін өзгерістер енгізіп, кеңінен талқылаймыз деп ойлаймын. Цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланысты нығайту көделген.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу