«Study in Kazakhstan» деген бренд пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Study in Kazakhstan» деген бренд пайда болады

08.06.2023

Алдағы 5 жылдың ішінде «Study in Kazakhstan» деген бренд пайда болады. Қазірдің өзінде Қазақстан әлемдік хаб ретінде қалыптасып келеді. Былтыр елде 4 шетелдік жоғары оқу орнының филалы ашылса, биыл олардың қатары тағы 6 университетпен толығады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Ведомство басшысы «халықаралық форумға келген серіктестер арқылы жоғары білім кеңістігін ашу, кеңейту жайын қарастырамыз», - дейді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қандай жаңа бастамалар бар Қазақстанда? Қандай жаңа серіктестіктер бар? Microsoft, Apple, Google, Coursera тәрізді үлкен компаниялармен қазір біз жаңа оқу, жаңа біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін ашып жатырмыз. Кеше ғана «CNN» академиясы өкілдерімен кездестік. Бұл БАҚ өкілдеріне арналған. Біздің серіктестіктің негізінде «CNN» секілді мықты компанияларда біліктілігін арттыра алады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу