АЭФ - ғаламдық проблемаларды талқылайтын алаң - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ - ғаламдық проблемаларды талқылайтын алаң

07.06.2023

«Астана» халықаралық форумына қатысушылардың қатарында креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар.

Британиялық маман Дэвид Перриш жер-жаһанға танымал бизнес-кеңесші. Ол әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Халықаралық форумда Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдары туралы келелі ойларын ортаға салмақ.

Дэвид Перриш, бизнес-кеңесші:

Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу