Еуразия үшін басты 10 сын-қатер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразия үшін басты 10 сын-қатер белгілі болды

11.11.2019

Бүгін елордада жыл сайын дәстүрге айналған «Астана клубының» отырысы басталды. Халықаралық пікірталас алаңының V басқосуында халықаралық сарапшылар тәуекелдер рейтингісін жариялады.

Сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы, жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі, технологиялық үстемдіктің үдеуі, экономикалық құлдырау сынды проблемалар енген. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған саясаткер, сарапшылар ғаламдық проблемаларды ортаға салып, оны шешу жолдарын талқылады. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу