Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаторлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Сенаторлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті

30.09.2019

Елордада Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Сенаторлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Бұл Парламенттің Жоғарғы палатасының жанынан құрылған кеңесші орган. Оның құрамына алдыңғы шақырылымдардағы беделді және ең тәжірибелі деген депутаттар шақырылған. Олардың басты міндеті — сенат жұмысын жетілдіру үшін ақыл-кеңес білдіріп отыру. Саясаттың қазанында талай жыл қайнаған ардагер депутаттар ойларын бірден ортаға салып, бірнеше ұсыныс айтты. Отырыс барысында сенаторлар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болып Бірғаным Әйтімова сайланды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бұл Кеңес даналықты, тәжірибені, ұстамдылықты және тұрақтылықты білдіреді. Біз оны тікелей диалог жасайтын, өзекті проблемаларды талқылайтын, оларды шешу жөнінде ұсынымдарды дайындайтын ашық алаң ретінде қызмет етеді деп ойлаймыз.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу