АЭФ: Ғаламдық сын-қатерлер сараланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ: Ғаламдық сын-қатерлер сараланады

10.05.2018

Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптар белгілі болды. Әлемдік жиын биыл биотехнологиялар мен цифрлық экономика, жасанды интеллекттің адамзатқа әсерін бағамдайды. «Global Challenges Summit 2018» ғаламдық сын-қатерлерді сараптайды. Туындайтын мәселелер мен одан шығу жолдарын таразылайды.

Форум жұмысы 11 бағытқа бөлінген. Ресурстық тұрақтылық, ұзақ өмір сүру, жаһандық қауіпсіздік, болашақ мегаполистер, криптовалюталар, баламалы энергияның артықшылығы мен кемшілігі сараланады. Мамырдың 17-сінде басталатын жиынға әлемдік сарапшылар, технологиялық элита, мемлекеттік басқару өкілдері, ірі корпорация басшылары қатысады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу