Елбасының БАӘ-ге ресми сапары барысында 8 келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының БАӘ-ге ресми сапары барысында 8 келісімге қол қойылды

22.01.2017
Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының басталғанын айтқан болатынбыз. Сапар нәтижесі қомақты – барлығы 8 келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл 10-шы мәрте өткен «Болашақтың энергиясы» атты дүниежүзілік саммитке қатысып, мәртебелі мейман ретінде алғаш болып сөз сөйледі. Бұл – сарқылмайтын энергия көздері, экологиялық таза технологиялар мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылайтын ең үлкен ғаламдық жиын. Қазір әлем ғаламдық жылыну мәселесіне алаңдаулы. Айналаға зиянды отын түрін пайдаланудың ақыры үлкен апатқа алып келмек. Сондықтан, «жасыл» технологияларды мейлінше жеделдетіп енгізу қажет. Соңғы жылдары электрлі көліктер шығара бастаған Қазақстан да бұл әлемдік сауапты іске өз үлесін қосып келеді.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу