Қарағанды облысында болған дауыл үйдің шатырын ұшырып әкетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында болған дауыл үйдің шатырын ұшырып әкетті

06.06.2023

Қарағанды облысының Балқаш қаласында күшті дауыл тұрып, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті. Жабындылар сол маңдағы көліктің үстіне түсіп, ер адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқасты бақылауда ұстап отыр. Айналасы 15 минутқа созылған жойқын дауыл тұрғындарды абдыратып тастады. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда бір зардап шеккен адам бар. Ол кісіні ауруханаға алып кетті. Қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері осы жерде жұмыс атқаруда.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу