Павлодарда қатты желден 20-дан астам үйдің шатыры қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қатты желден 20-дан астам үйдің шатыры қирады

22.07.2022

Павлодарда қатты желден 20-дан астам үйдің шатыры қирады. Бұдан бөлек медициналық мекеме мен мектепке де зақым келген. Оқиға кеше, кешкі уақытта болған. Дүлей дауыл алдымен Алакөл ауылындағы фельдшер-акушерлік пунктің шатырын түгел ұшырып әкеткен. Бұдан бөлек, Петропавловка елді мекеніндегі жалпы білім беретін мектептің 50 шаршы метр шатырын зақымдап, 20-дан аса үйдің шатырын көтеріп кеткен. Қазгидрометтің мәліметінше 21-шілде күні қатты жел соққан. Табиғи апаттан тұрғындар зардап шекпеген.


Хабарламаларға жазылу