Шығыс Қазақстанға бүгін қар түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанға бүгін қар түсті

13.09.2017

Алғашқы қардың көріністерін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіге салып, жарыса жариялап жатыр. Айтуларынша, қар таңертең Осин асуына жауған. Ал, бұған дейін Көкпекті ауданының Самар ауылында қатты соққан дауыл аурухананың шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдай кеше шамамен сағат бестер кезінде болған. Сонымен қатар, екпінді желдің салдарынан  қосқабатты тұрғын үйдің шатыры да ұшып кеткен. Облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен. Қазір аймақта комиссия құрылған.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу