Көлсайда демалушылар көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлсайда демалушылар көбейіп келеді

01.06.2023

Жыл өткен сайын «Көлсай көлдеріне» қызығушылар саны көбейіп келеді. Былтыр 230 мың турист келсе, биыл 300 мың демалушы келуі мүмкін деген болжам бар. Ұлттық табиғи паркте «Саябақтар шеруі» өтті. Шараға өңірдегі 7 мектептен 150 оқушы қатысты. Олар табиғат тақырыбында сурет салып, «Қазақстан қызғалдақтар отаны» тақырыбында панно жасап жарысты. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды пайдаланып, түрлі бұйымдар жасаудан шеберлік байқасты. Айта кетейік, «Көлсей көлдері» паркінің аумағы 161 мың гектар. Онда 4 орман шаруашылығы бар.

 Елнұр Ахметов, «Көлсай көлдері» мемлекеттік  ұлттық табиғи паркінің директоры:

Жан-жануарларды қорғау, тағы басқа орман кешендерін қорғау жұмыстары жүргізіледі. Акцияларымыз осы мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындары шәкірттерінің арасында ұйымдастырылды. Биыл аудан бойынша осы шараларға мыңға жуық оқушы студенттер тартылса, Алматы қаласынан 400-дей студент тартылды.

Амангелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу