Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

31.05.2023

Қазақстан теннисінде тарихи жетістік. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Кестенің live-нұсқасында көшбасшы өзгерді. Беларусь өкілі Арина Соболенко польшалық Ига Швентекті басып озды. Ойыншылардың орны былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтинг ұпайлары есептелгеннен кейін өзгерген.

Кеше Елена Рыбакина үлкен дулыға турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті. Чехиялық қарсыласынан екі сетте де басым болды. Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Елена екінші айналымда да Чехияның тағы бір жас жұлдызымен шеберлік байқасады.

Ал Александр Бублик пен Тимофей Скатов алғашқы айналымда жеңіліп қалды. Бүгін әлемнің 58-ракеткасы жерлесіміз Юлия Путинцева үшінші айналымның жолдамасын қытайлық Чжэн ЦиньВэньмен сарапқа салды. Бірінші сетте отандасымыз 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыласы есепті қысқартты. Шешуші ойында Юлия келесі айналымға өту үшін барын салып, қытайлық теннисшіні 6:2 есебімен жеңді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу