Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орынға түсіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде бесінші орынға түсіп қалды

29.01.2024

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингідегі үшінші орнынан ұшты. Әйелдер теннисі қауымдастығы жариялаған жаңа тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы бесінші орынға ығысты. Жекелей сайыста өнер көрсететін тағы бір қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 70-ші орынға түсіп қалды. Юлия Путинцева бұған дейін 64-орында болған еді. Халықаралық қауымдастық жұптық сайыс бойынша бақ сынасатын ойыншылардың да ұпайын түгендеді. Жұптасып ойнау бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина өз орнын сақтап, 44-ші сатыдан көрінді. Айта кетейік, теннисшілердің көрсеткішіне Аустралия ашық чемпионатының қорытындылары әсер еткен.

Хабарламаларға жазылу