БҚО-да 9-сынып оқушысы соққыдан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 9-сынып оқушысы соққыдан қайтыс болды

30.05.2023

Батыс Қазақстан облысы Щапов ауылында 9-сынып оқушысы соққыдан қайтыс болды. Ол түнде облыстық балалар ауруханасына түсіп, алған жарақатынан есін жимастан, көз жұмған. Куәгерлердің айтуынша, ауыл мектебіндегі оқушылар өзара жанжалдасқан. Қазір осы оқиғаға күдікті он бес жасар жеткіншек ұсталды. Ал мерт болған Дияр Досқалидың туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр.

Дияс Досқали, марқұмның туысы:

Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп 10-сыныптағыларға айтқан ғой . Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті.

Лунара Аманғалиева, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері:

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы іске күдікті ретінде 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу