Финляндияда Қазақстанның алып туы жайылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финляндияда Қазақстанның алып туы жайылды

26.05.2023

Финляндияның Тампер қаласындағы стадионда Қазақстанның алып туы жайылды. Ерекше форматтағы флешмобты Ұлттық хоккей федерациясының өкілдері мен жанкүйерлер ұйымдастырған. Айта кетейік, 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионаты өтетін ел бүгін таңдалады. Ол үшін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының мүшелері дауыс береді. Бұл жарысты өткізуге Қазақстан да өтініш берген. Отандастарымыз осылайша елімізге қолдау білдірді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу