UWW Қазақстан палуандарының барыс суреті бейнеленген киім эскизін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UWW Қазақстан палуандарының барыс суреті бейнеленген киім эскизін бекітті

05.05.2016
UWW Қазақстан палуандарының барыс суреті бейнеленген киім эскизін бекітті

Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында UWW палуандардың жарыстарда киетін киіміне қатысты ережелерді жаңартып, дәстүрлі қызыл және көк түсті палуандар трикосын алып тастады. Оның орнына спортшылар өз елінің ұлттық туы түстес күреске арналған киім киеді (күңгірт және ашық түсті нұсқаларында).

Бұл 2016 жылы «Олимпиадалық күресті сақтайық» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін басталды. Сол кезден бері көптеген шаралар, кездесулер өткізілді. Соның ішінде киімнің визуалдық үлгісіне арналған шаралар болды. Себебі, қызыл және көк түстер көрермендер үшін қиыншылықтар туғызатын.

Ақпан айынан бастап Қазақстанның күрес федерациясы жаңа форманы әзірлеумен айналысты. Кеше United World Wrestling Қазақстанның формасын бекітті. Енді, палуандар Қазақстанның символы саналатын қар барысы бейнеленген сары-көк түсті трикомен шығады.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу