Әлемдегі алып кемелер туралы білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі алып кемелер туралы білесіз бе?

07.11.2015
Әлемдегі алып кемелер туралы білесіз бе?

ХХ ғасырдың ең үлкен жолаушылар кемесі саналған «Титаникті» бүгінгі күннің «алыптарымен» салыстыруға келмес.

Мысалы, қазіргі таңда әлемдегі ең алып кемелердің көшін 2008 және 2010 жылы Финляндияда жасалған «Oasis of the Seas» егіз лайнері көш бастап тұр. Олардың ұзындығы 360 метр, ал ені 47 метр. Бұл алып кемеге 6400 жолаушы сияды.

Айта кетейік, 2006-2008 жылдары тағы да Финляндияда жасалған «Freedom of the seas» жолаушылар кемесі «әлемнің ең үлкені» атағын иеленген.  

Ал, жолаушылар тасымайтын кемелер арасында «әлемнің ең алып кемесі» атағы ұзындығы 458 метр норвегиялық «Knock Nevis» танкеріне тиесілі болған. Алайда, 2010 жылы ол утилизацияға жіберілді.

Хабарламаларға жазылу