Беларусь Еуразия Экономикалық Одағы елдерімен саудада доллар мен еуродан бас тартпақ. Мұны үкімет басшысының бірінші орынбасары Николай Снопков мәлімдеді. Вице-премьердің сөзінше, қазірдің өзінде сыртқы шектеулерге байланысты бұл валюталардың есеп айырысудағы үлесі 8 пайызға кеміген. Еуразия Экономикалық Одағы 2015 жылы құрылды. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения кіреді. Бұл қауымдастықтың мақсаты - Одақ аумағында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Беларусь доллар мен еуродан бас тартпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/176449/)