Оңтүстік Корея жеңімпаз спортшыларға «олимпиадалық зейнетақы» ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея жеңімпаз спортшыларға «олимпиадалық зейнетақы» ұсынды

11.02.2014
  Спортшыларды ынталандыруда Оңтүстік Корея үкіметі ерекше бағдарлама әзірлеп шығарды. Олар Олимпиада «алтынын» алған спортшыларға таңдау ұсынып отыр. 62 мың АҚШ долларын бірден алу немесе  өмір бойы «олимпиадалық зейнетақы» алуға келісімін беру. Көптеген спортшылар соңғы жүйені құп көреді екен.
 
Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында алған жүлделері үшін қаржылай сыйақы беруде дархандық танытып отырған елдердің ішінде – Қазақстан, Латвия, Италия, Беларусь, Эстония және Украина елдері бары.
 
Қазақстандық спортшылар Олимпиада «алтынын» иеленген жағдайда 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Ал латыш спортшылары – 193 мың, италиялықтар - 190, беларусьтықтар - 150, эстондықтар - 138,  украиндықтар - 125 мың доллар.  
 
Төмен сыйақы белгілеген елдердің ішінде - Австарлия, Канада, АҚШ және Германия бар. Австралиялықтар  спортшылар -13 мың, канадалықтар  - 18 мың, германиялықтар – 20 мың, америкалықтар – 25 мың доллар.
 
Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және Хорватия елдері ешқандай сыйақы алмайды. Мемлекет бөлетін ақшаның барлығы спортшылардың Олимпиада дайындығына жұмсалады.
Ал, Австрия үкіметі Олимпиада чемпионыдарына 17 күміс монета сыйға тартпақ.

Хабарламаларға жазылу