Еуропа одағы Ресейдің мұнайы мен газынан бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы Ресейдің мұнайы мен газынан бас тартпақ

19.05.2022

Еуропа одағы Ресейдің мұнайы мен газынан 2027 жылға дейін бас тарту жоспарын жариялады. Оған сәйкес, аймақтық блок энергетикалық отынды ең алдымен Америка Құрама Штаттары мен Таяу Шығыс елдерінен бұрынғыдан көбірек сатып алуды көздеп отыр. Бірақ, бұл үшін терминалдар, құбырлар және өзге де инфрақұрылымдарды дайындауы қажет.

Сонымен қатар, Еуропа одағы қалпына келетін энергияны пайдалану үлесін 45 пайызға жеткізуге ниетті. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға және Ресейдің энергиясынан толық бас тартуға қосымша 200 миллиард еуро қаражат бөлінеді.

«Біз Ресейге тәуелділікті тезірек азайтуымыз керек. Бұл қолымыздан келетін іс»,- дейді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу