«Астана» қаржы орталығы 2030 жылға дейін 20 млрд доллар инвестиция тартпақ

29.12.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан Мәскеудің гаджеттерге ресейлік бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату туралы заңына қарсы. Бұл заң ЕAЭО келісіміне ғана емес, ДСҰ бас келісіміне қайшы келеді.

Аталған құжат ЕAЭО басқа елдерінен Ресейге тасылатын техникалық тауарлардың айналымын шектейді. Алдағы жылдың ортасынан бастап күшіне енетін заң бойынша Ресейде сатылатын смартфон, компьютер, смарт-тв функциясы бар теледидарларда ресейлік қосымша жүктелуі керек. Орнатылмаса 1 млн рубльге дейін айыппұл. Мұның астарлары көп. Бірін белгілі экономист Қайырбек Арыстанбеков былай түсіндіреді.  

Тағы бір ақпарат, «Астана» халықаралық қаржы орталығы 2030 жылға дейін 20 млрд доллар тікелей және портфельдік инвестициялар тартпақ. Бүгінде орталықта 32 елден 330 компания тіркілген. Олар алдағы 3 жылда 3,5 млрд доллар әкелетіндерін хабарлаған. Алдағы жылы «Самұрық-Қазынаға» қарайтын тағы бірнеше компанияның IPO-сы жоспарланған, демек жекешелендіру жалғасады. Сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымының кейбір органдары өзін-өзі ақтай алатын деңгейге жеткен. Соның арқасында орталық бюджеттен жылына алатын 20 млрд теңгені 13,1 млрд-қа қысқартпақ. Ал қаржы орталығының соты біздің сот жүйемізге тәуелсіз екені мәлім.  

Хабарламаларға жазылу