Түркістан облысында егістік қурап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында егістік қурап барады

25.05.2023

Ауыл шаруашылық министрі сенаторларға биыл құрғақшылық болмайды деп сендіргенімен, Түркістан облысында егістік қурап барады. Жетісай ауданындағы алты бірдей ауылдық округке ағын су жетпей, диқандар тарығып отыр. Шардарадан су жіберетін каналдың насосостары істен шыққалы, көкөніс еккен шаруалардың жағдайы тығырыққа тірелген. Мәселе қалай шешіледі? Түркістан облысында егістік қурап барады. Жетісай ауданындағы алты бірдей ауылдық округке ағын су жетпей, диқандар тарығып отыр. Шардарадан су жіберетін каналдың насосостары істтен шыққалы, көкөніс еккен шаруалардың жағдайы тығырыққа тірелген. Мәселе қалай шешіледі? Айнұр Әбілқасымқызы анықтады. Қызылқұм ауылында тұратын Әбдірахман Зейнеділов алты гектар жерге қауын еккен. Оған он миллион теңгедей қаражат жұмсапты. Су сұрап барса бір апта күтіңдер, он күн күтіңдер, бес күн күтіңдер, сөйтіп жаңағы шығарып салады. Біз енді Құдайдың қара суына зар болып, біз уже қурап біттік уже. Біз банкротпыз. Қазір Жетісай ауданындағы алты бірдей ауылдық округте 5,5 мың гектар егістікке су жетпей жатыр. Ондағы 656 шаруа қожалығы бақша өнімдері мен көкөніс дақылдарын еккен. Бірі несие алып, енді бірі қорадағы малын сатып егістікке ақша салған.

Сақ Әбдірахманов, шаруа:

«Қазсушардың» жұмысы мүлдем жүйесіз, жауапсыз деуге болады. Кеше бардық осы жігіттердің барлығы жанымыз қысылғаннан кейін бәріміз әкңімшілікке. Ойбай қосып беремін деп моторға бір апарды. Қайтып жынды қылып мтпға апарды ғой міне.

Тұрышбек Елшібаев, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары:

Бізге сұранысымыз 26 куб Достық каналынан Өзбекстаннан. Ал бізге келіп жатқаны 17 куб бар жоғы. Сонда 10 кубқа жуық дефицит болып тұр қазір.

Ашынған халық облыстан келген «Қазсушар» мекемесінің басшылығын дың астына алды. Себебі, Өзбекстан тарапынан су болмағанда Шардара су қоймасынан су жеткізу үшін салынған каналдың жағдайы сын көтермейді. Су тартқыштер істен шыққан соң, ауылдарға су жетпейді.

Бахтияр Балтаханов

Несие мына жерімнен келді. Барлық жеріме мен қазір өзімнің келіншегімнің алтындарын қойып, уже 8 млн шығын жасап қойдым. Ертең несиемізді қайтып жабамыз.

«Қазсушардың» басшылығы канал жөнделіп жатқандықтан бұл айда ағын суды бере алмаймыз деп қысқа қайырды.

Марат Әділбеков, «Қазсушар» РМК ТФ директорының орынбасары:

Дәл қазір ішінара жөндеу жүріп жатыр. 5 маусымға дейін біз оны бітіреміз. Өйткені біз оны қазір аша алмаймыз. Біз қазір басқа каналдың суын қысып-қысып, осы 33-ші каналға алып келіп жатырмыз.

Жауаптылар болса мәселе үкіметтік деңгейде шешілмесе жуық арада Тәжікстаннан Өзбекстан арқылы келетін судың көлемін арттыру қиын деп отыр. Сондықтан су проблемасы шешімін тапқанша өзге ауылдардың суын азайтып, алты округке бұрып әлек.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу