Қытайда егістік алқаптары қуаңшылықтан зардап шегуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда егістік алқаптары қуаңшылықтан зардап шегуде

23.06.2022

Қытайдың солтүстігі мен орталығында аптап ыстықтан егістік алқаптары қурап барады. Мұны бүгін осы елдің «CCTV» телеарнасы хабарлады. Оның дерегінше, Қытай метеорологиялық әкімшілігі Шыңжаң және Шэньси тәрізді провинцияларда күннің күрт ысуына байланысты «сарғылт» түсті дабыл жариялаған.

Ал ауыл шаруашылығы сарапшылары фермерлерге егістік алқаптарын қуаңшылықтан қорғау үшін ылғалдандыру техникасын үйретіп жатыр. Елдің ауа райы жөніндегі мемлекеттік агенттігінің болжамынша, Қытайдың теріскейі мен орталығында ауа температурасы осы аптада 40 градустан асып кетуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу