Елімізде жас ғалымдардың кеңесі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жас ғалымдардың кеңесі құрылады

25.05.2023

Отандық ғылымды дамытуға арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірленіп, форсайттық зерттеулер жүргізіледі. Ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру үшін жүйелі шаралар қолға алынады. Бұл туралы жас ғалымдармен кездесуде Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья айтты. Жиынға бірнеше елден 200-ге жуық ғалым қатысты. Отандық ғылымның даму тұжырымдамасына қатысты пікір білдірді. Бизнеске оқыту бағдарламасын әзірлеу ұсынылды. Одан бөлек, жобаны коммерцияландыру, инвестиция тарту мен арнайы гранттарды үлестіруде кезігетін басты кедергілер сөз болды

Күнсұлу Закарья, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Жас ғалымдардың Ұлттық ғылым академиясы жанынан үлкен кеңес құру және сол кеңес бірнеше салаға бөлініп, қарқынды жұмыс жасау бірлесіп. Жастар да айтып отыр: жас ғалым, кәрі ғалым деген болмайды. Бәрі бірдей ғалым, бәрі бірдей Қазақстанның өрлеуіне, өсуіне үлкен үлес қосу керек.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу