Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталғандарға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталғандарға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

25.05.2023

Ақтөбеде бірнеше қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталғандарға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Керісінше, жәбірленушілер саны артты.

Естеріңізге салсақ, «Выгодный займ», «Гарант 24 ломбард», «Эстейт Ломбард» деп аталған қаржы ұйымдарын құрған 48 адамға сот үкімі былтыр тамыз айында шыққан еді. Кейін жәбірленушілер тізімінен шығып қалғандар аппеляциялық шағым түсірген. Қаржы пирамидасын құрғаны үшін 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген Жанболат Есіркепов бастаған топ та өздерін ақтауды сұрады. Дегенмен, сот үкімі өзгеріссіз қалды. Ал алаяқтарға алдандық деген 8 адам жәбірленушілер қатарына қосылды.Оларға 28 миллион теңге өндіріледі. Сондай-ақ алданған 17 мыңнан аса тұрғынның қаржысына алынған Есіркеповтың туыстарының пәтерлері тәркіленетін болды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу