Елімізде 17 жасқа дейінгі жастар арасында теледидар көретіндер саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 17 жасқа дейінгі жастар арасында теледидар көретіндер саны артқан

19.05.2023

Қазақстандықтар күніне орта есеппен 187 минут теледидидар көреді. Өзбекстанда 185, Ресейлік аудитория бір күнде кем дегенде 4 сағатқа жуық уақытын теледидар алдында өткізеді.

Бұл туралы бүгін Ұлттық медиа қауымдастық ұйымдастырған жиында айтылды. Соңғы жылда елімізде 17 жасқа дейінгі жастар арасында теледидар көретіндер саны едәуір артқан. Мұны телевизия мамандары арналарда өндірілетін өнімдер сапасының жоғарылауымен байланысытырып отыр. Бұл ретте «Qazaqstan» Ұлттық телеарнысының тәжірибесі ерекше аталды. Арнада отандық сериалдардың рейтингі, жалпы нарықтағы шетелдік өнімдер көрсеткішінен асып түскен. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай арналарда көрсетілген ең үздік 10 отандық сериалдың 8-і Ұлттық арнаға тиісті екенін айтты. Оның ішінде «Ақжауын», «Сезім толқыны», «Жат бауыр» телехикаялары бар. Қазақ сериалдарының көрсеткішінің артуы, басқа да өнімдер, оның ішінде қоғамдық саяси бағыттағы жобалардың да көрерменінің көп болуына әсер етіп отыр. Ал медиа зерттеу саласының мамандары бұл сияқты өнімдер жастарды телеэфирге қайта тарта бастады деген пікірде.

Кемелбек Ойшыбаев, Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы:

Қазір Ұлттық арна рейтингте 2-3 орынды алып тұрса әрине ауылдарды қосқаннан кейін барлығының ойынша Ұлттық арна бірінші орынға шығады. Себебі Ұлттық арнаның жасап отырған қазақ тіліндегі контенті, сериалдары әсіресе тарихи сериалдарды қазір өте қызығушылықпен халық қабылдайды.

Жиында жарнамадан түсетін табыс жайы да сөз болды. Қазақстандық жарнама нарығы 35 млрд. Теңге шамасында болса, оның көп бөлігі телевизияға тиісті. Жарнама берушілер де диджиталға қарағанда, телевизияға басымдық береді. Өйткені сенімді ақпарат көзі әрі көп аудиторияны қамтиды.

Қанат Ысқақов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

Медиа өлшем жарнама береді. Жарнама бергендіктен ол қаржыға келіп тіреледі. Неғұрлым медиа өлшемнің қорытындысы бойынша БАҚ, телеарналар орны жоғары болса, соғұрлым қаржысы да көп болады. Ол барлық проблеманы шешетінін барлығымыз жақсы білеміз.

Қазір еліміздегі 23 ірі арна медиа өлшемге кіреді. Ең серпінді дамушы арналар қатарында «Qazaqstan» Ұлттық арнасы, оның көрсеткіші соңғы 4 жылда 85 процентке артқан. «Балапан», «Жібек жолы» арналары бар.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу