Республика бойынша ҰБТ басталды
Республика бойынша Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Мектеп бітірушілерге арналған сынақ 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтпек. Биыл талапкер грантқа түсу үшін екі рет тестілеуге кіріп, жақсы нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Ерекше мүмкіндік балалар мен ата-аналардың сынаққа бойы үйренуі үшін берілген.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Өздеріңізге мәлім, ҰБТ өкінішке қарай тар жол тайғақ кешу, тағдыр шешуші бір емтиханға айналды. 21 жылдан бастап ақырындап осындай тестілеу режиміне көше бастадық. Қарасаңыздар соңғы бірнеше жылда қиын жағдайлар, өз-өзіне қол жұмсау ақырындап тоқтады.
Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
Биылғы жылдың ең басты жаңалығы – бұл жаңа бір пәннің қосылуы. ІТ бағыты бойынша баратын ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технология және информатика пәні мұғалімі бағытында баратын талапкерлер биылдан бастап математика-информатика комбинациясын таңдап отыр. Негізгі ҰБТ кезінде өтініш білдіргендердің 10 пайызы жаңадан енгізілген комбинацияны таңдап отыр.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12