Колумбияда джунглиден төрт бала тірі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда джунглиден төрт бала тірі табылды

18.05.2023

Колумбияның джунглиінде екі аптадан астам дала кезген 4 бала тірі табылды. Мұны ел президенті «Твиттердегі» парақшасында хабарлады. Балалар 13, 9, 4 жаста. Ал ең кішісі 11 айлық нәресте. Олар мінген ұшақта 7 адам болған. Мотор кенеттен істен шығып, ну орманға әуе көлігі құлаған. Үш ересек адам оқиға орнында қаза тапты. Мерт болғандардың екеуі – пилот, үшіншісі – балалардың анасы. Марқұмдардың мәйіттері ұшақ әуе машинасының ішінен табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, апаттан кейін үндіс тайпасының балалары көмек іздеу үшін тропикалық орманды бетке алған.

Арыстен Рысбек

Хабарламаларға жазылу