Нигерияда 22-қабатты үй құлап, 100 шақты адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда 22-қабатты үй құлап, 100 шақты адам жоғалып кетті

02.11.2021

Нигерияның қаржылық астанасы Лагоста 22-қабатты үй құлап, 6 адам қаза тапты. Ал, жоғалып кеткендер 100-ге жетіп отыр. Зәулім нысанның неден опырылып түскені әзірге белгісіз. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт адам тірі табылды.

Африканың халық ең көп шоғырланған елінде ғимараттар жиі құлайды. Оған бір жағынан қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, екіншіден, құрылыс материалдарының стандартқа сай еместігі себепші болады.


Хабарламаларға жазылу