«Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

18.05.2023

«Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді. Бұл туралы Үкімет басшысының төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Жиында салада ақпараттық қызметтерді көрсетуде бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылған болатын. Бүгінде нарықтың 80 пайыздан астамын «Damumed» жүйесі қамтиды. Сонымен қатар отырыста «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» серіктестігінің 50 пайыз үлесін мемлекет меншігіне, яғни Атырау мұнай өңдеу зауытына беру аяқталғаны айтылды. Облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының тиісті шешімі заңды күшіне енді.  

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу