![Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіруді тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/8/3/1596427833862.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға байланысты жаңа тапсырма берді. Мемлекет басшысы бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіруді тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/129729/)