Алматыда қатты желдің салдарынан үйдің қабырғасының сылағы құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қатты желдің салдарынан үйдің қабырғасының сылағы құлады

15.05.2023

Алматыда қатты желдің салдарынан көпқабатты үйдің бір жақ қабырғасының сылағы түгелдей түсіп қалды.

Оқиға Әуезов ауданында орын алды. Куәгерлердің сөзінше, баспананың 4 және 9-қабаттардың сыртқы сылағы опырылып, жерге құлаған. Осыдан 8 жыл бұрын ғана салынған үйдің сапасына наразылықтарын білдірді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қалалық әкімдік берген ақпаратқа сүйенсек тұрғын үй кешені 2015 жылы қолданысқа беріліп, кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Десе де, құрылыс компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге келісім берген. Қазір коммуналдық мекеме қызметкерлері аумақты үйінділерден тазартып жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу