Алматыда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

04.09.2020

Алматының «Зерделі» ықшамауданында 5 қабатты үйдің бір жақ қабырғасының сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Төтеншеліктердің сөзінше, оқиға қатты соққан желдің салдарынан болған. Аумағы 40 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір үй маңында Алатау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу