UEFA Чемпиондар лигасы: «Интер» «Миланнан» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

UEFA Чемпиондар лигасы: «Интер» «Миланнан» басым түсті

11.05.2023

UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында Италияның «Милан» және «Интер Милан» командалары кездесті. Миландық қос клуб арасындағы алғашқы ойында 2:0 есебімен «Интер» жеңіске жетті. Кездесудегі қос гол да бірінші таймда салынды. 7-минутта Эдин Джеко, 10-минутта Генрих Мхитарян қарсылас қақпасынан мүлт кетпеді. Қос команда арасындағы қарымта матч бір аптадан кейін, 17 мамырда өтеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу