АҚШ-та болуы ықтимал дефолт әлемді дағдарысқа ұшыратады
АҚШ-та болуы ықтимал дефолт әлемді дағдарысқа ұшыратады. Құрама Штаттар президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді. Дефолт бола қалса ел экономикасы рецессияға аяқ басып, Вашинтгонның халықаралық беделіне нұқсан келеді. Бұған қоса Байден қазіргі дағдарысқа республикалықтарды айыптады. Бұған дейін Конгрестің төменгі палатасын басқаратын республикалықтар мемлекеттік қарыз шегін 1,5 триллион долларға ұлғайту үшін бюджеттік шығындарды қысқартуды ұсынды. Дегенмен Сенат бұған қарсы шықты. Бұл мәселе бойынша ортақ келісім жасалмаса АҚШ 1 маусымда дефолт жариялауы мүмкін.
Джо Байден, АҚШ президенті:
Біз қарызымызды төлей алмасақ, бұл әлем үшін қиын болады. Бұл қолдан жасалған дағдарыс. Америка әлемдегі ең күшті экономикаға ие. Демек қарызын өтей алады. Шығындарды, дефицитті дағдарысқа жол бермей жауапты түрде қысқартуымыз керек.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12