Испанияда фермерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда фермерлер шеруге шықты

10.05.2023

Испанияның солтүстік-шығысындағы Каталония аймағында фермерлер тракторлармен көшеге шықты. Олар осылайша Үкімет назарын аударуды мақсат еткен. Шерушілер су тапшылығынан зардап шегіп отырғандарын, қуаңшылықпен күресуге биліктен көмек талап етті. Соңғы мәліметке қарағанда, жауын жаумағандықтан, резервуарлардағы су деңгейі 25 пайыздан аспай тұр. Демонстранттар осы проблеманы ескеріп, министрлер кабинеті фермелерге субсидия бөліп, салықты төмендетуі керек деп есептейді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу