Испанияда зейнеткерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда зейнеткерлер шеруге шықты

16.04.2018

Испанияда мыңдаған зейнеткер шерулетіп жатыр. Олардың үкіметке қойып отырған талабы -  зейнетақы көлемін өсіру. Қариялар қымбатшылық кезінде өздеріне тиесілі қаражаттың мардымсыз өсуіне наразы. Мәселен, үкімет биыл зейнетақыны небәрі 0,25 пайызға көтерген. Ал, мұндағы орташа зейнетақы көлемі 900 еуродан асады. Дегенмен, бұл ақша Испаниядағы егде жастағы адамдардың өмір сүруіне жеткіліксіз.

Мұндай демонстрациялар бұған дейін  наурызда өтіп, оған елдің 100 қаласында тұратын зейнеткерлер қатысқан еді. Сол наразылық акцияларынан кейін үкімет ең төменгі зейнетақы көлемін өсіруге бастама білдірді. Ол туралы заң жобасын енді парламент құптауы тиіс.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу