Братиславада фермерлер шерулетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Братиславада фермерлер шерулетті

21.06.2018

Словакия астанасы Братиславада шаруалар шеруге шықты. Олар елдің орталығы мен шығысынан ел астанасына ондаған трактор кіргізген.  Осы әрекет арқылы фермерлер ауылшаруашылық саласына бөлінетін субсидияларға қатысты алаяқтықтарға қарсы шықты.

Бұл заңсыз әрекеттерден фермерлер айтарлықтай зардап шегіп отыр. Бас прокуратура қазір олардың шағымына қатысты 35 істі қарап жатыр. Айта кету керек, Словакияда жұмада коррупция мен заңсыздықтарға қарсы шеру өтеді.

Оны ұйымдастырушылар ел шенеуніктерінің италиялық мафиямен байланысын тергеп келген журналист Ян Куциактың өлімін тергеудің өте баяу жүріп жатқанына да наразылық білдіреді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу