Алматы, Астана, Шымкент қалалары жұмыспен қамту бойынша көш бастап тұр
Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан және Қызылорда облыстары шағын және орта бизнесте азаматтарды жұмыспен қамту бойынша көш бастап тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Бұл өткен жылдың қорытындысы. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта 2029 жылға қарай, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн адамға дейін жеткізу іс-шаралары қаралды. Жыл басынан 86 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы бұл салада көрсеткіш 16 пайызға өсіп, қазір жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн-нан асты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
2025 жылға дейін біз шағын және орта бизнестің үлесін 40 процентке дейін жеткізуіміз керек. Қазір 36. Жалпы дамыған елдерде шағын және орта бизнестің үлесі 60 проценттен жоғары экономикада. Ол экономиканың әрі қарай дамуына тұрақтылықты береді. Және жалпы халықтың табысын арттырады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09