«Qazaqstan» телеарнасының қызметкерлері тыл және еңбек ардагері Екатерина Забалотнаяны құттықтады
Жеңіс мерекесі қарсаңында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының қызметкерлері тыл және еңбек ардагері Екатерина Забалотнаяны құттықтады. Соғыс басталған кезде небәрі 6 жаста болған кейуана бұғанасы қатпай тұрып, тағдыр тауқыметін тартқан. Балалық шағы қиын-қыстау заманмен тұспа-тұс келген ардагер әкесінен ерте айырылып, тылда еңбек еткен. Биыл ол 88 жасқа толса да «соғыс жылдарын еске алғанда еріксіз көзіме ыстық жас келеді»,- дейді. Жалпы бүгінде Ақмола облысында екінші дүниежүзілік соғысының 8 ардагері мен 2112 тыл еңбеккері бар.
Екатерина Заболотная, тыл және еңбек ардагері:
Өте қиын жылдар болды. Өзім көпбалалы отбасынан шыққанмын. Әкем соғысқа аттанған кезде кішкентай болдық. Талмай еңбек еттік, жұмыс істедік. Сол сәттер әлі күнге дейін жадымда. Осындай ашық аспан астында өмір сүргенге не жетсін. Еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында 11 мың студент тегін білім алып жатыр
31.03.2026, 13:24
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтағысы келеді
31.03.2026, 13:18
Бет-әлпетті бүркеуге болмайды
31.03.2026, 13:15
Алматыда кибералаяқтардан ₸700 миллион қайтарылды
31.03.2026, 13:12
Алматыға ірі дәрі-дәрмек партиясы заңсыз әкелінген
31.03.2026, 13:09
ҰҚК 118 қару тәркілеген
31.03.2026, 13:06
Өскемендегі қою тұман ұшақтарға кедергі келтіруде
31.03.2026, 13:03
Жетісу облысында тағы жер сілкінді
31.03.2026, 13:00