Жапонияның батысындағы аудандарда қатты жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның батысындағы аудандарда қатты жер сілкінісі болды

05.05.2023

Бүгін түстен кейін Жапонияның батысындағы аудандарда күшті жер сілкінісі болды. Әзірге цунами қаупі туралы ақпарат түскен жоқ. Дегенмен құрбандар мен зардап шеккендер болуы мүмкін.

Ишикава префектурасының Сузу қаласында 2 адам жараланған. Олардың бірінің денесі жансыз көрінген. Алайда Жапонияда адамның өлгені ресми түрде расталғаннан кейін ғана жарияланады.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, зілзаланың қуаты 6,3 баллға жеткен. Бірақ табиғи апат ошағына жақын орналасқан екі атом электр станциясы зақымданбаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу