Шыңжаңда қуаттылығы 7,3 балл жер сілкінісі болды

13.02.2014
Шыңжаңда қуаттылығы 7,3 балл жер сілкінісі болды
  Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының оңтүстік-батысындағы Юйтянь уезінде қуаттылығы 7,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің кіндігі 12 шақырым тереңдікте болған. Қираған ғимараттар мен құрбан болғандар туралы мәліметтер жоқ.
 
Апат болған аймаққа екі әскери тікұшақ жіберілді. Жергілікті билік өкілдері оқиға орнына 25 адамнан тұратын құтқару тобын жібермек. Шыңжаңның оңтүстігіндегі теміржол қатынасы тоқтатылған.

Хабарламаларға жазылу