«ПСЖ» Мессимен келісімшартты ұзартпайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ПСЖ» Мессимен келісімшартты ұзартпайтын болды

03.05.2023

«ПСЖ» аргентиналық футболшы Мессимен келісімшартты ұзартпайтын болды. Бұл туралы Францияның бұқаралық ақпарат құралдары жазды. Бұған дейін басылым клуб басшылығы Мессиді Сауд Арабиясына рұқсатсыз барғаны үшін екі аптаға негізгі құрамнан шеттеткенін жазған. Сондай-ақ, ол 1 мамырға жоспарланған оқу-жаттығу жиынына да бармаған. Мұның бәрі соңғы әрі нақты шешім қабылдауға түрткі болыпты. Лионель Месси ПСЖ-ға 2021 жылдың жазында қосылған. 35 жастағы аргентиналықтың париждіктермен келісімі маусымның соңында аяқталады.

Хабарламаларға жазылу