Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бір шешімге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бір шешімге келді

16.06.2023

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «ПСЖ-дан» кетпейтін болды. Алайда, бұл клубпен келісімшартын ұзартады дегенді білдірмейді. Бұл туралы футболшының инсайдері әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Сондай-ақ Мбаппе Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті. Арманы - төрт жылдықтың басты бәсекесінде чемпион атану. Олимпиада келесі жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияда өтеді. 


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу