Франциялық «ПСЖ» футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппені сатқалы жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциялық «ПСЖ» футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппені сатқалы жатыр

13.06.2023

Франциялық «ПСЖ» футбол клубы шабуылшы Килиан Мбаппені сатқалы жатыр. Бұған себеп футболшының клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартуы болып отыр. Клуб басшылығы Мбаппеге өкпелі. Өйткені, ол келісімшартты ұзартпайтыны туралы «ПСЖ-ға» жазған хатын ақпарат құралдарына жариялап жіберген. Ызаға буылққан клуб басшылары жаңа келісімшарт жасасамыз немесе сатамыз деген байламға келіп отыр. Мбаппенің трансфері 200 млн еуродан асуы керек, ПСЖ әлемдегі ең қымбат ойыншыға басқа да үміткерлер болады деп есептейді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу