11 маусымда елордада ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне  ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 маусымда елордада ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне  ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтеді

24.05.2017
11 маусымда елордада ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне  ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтеді

2017 жылғы 11 маусымда «Қазанат» ипподромында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтеді.

Бәйге – көптеген түркі халықтарының тарихи және танымал ат спортының бірі. Бәйге - бұл жазық жерлерде орта және алыс қашықтықта өтетін жарыс, онда шабандоздың тактикалық шеберлігі мен аттың жарысқа дайыдылығы өте зор.     Бәйгенің пайда болуы көшпенділік тұрмысқа, жылқының алыс қашықтыққа дайындығы. Қазіргі таңда бәйге жазық жерлерде және ипподромдарда орта және алыс қашықтықта өткізіледі.

Жарыс – бәйгеден, ұшқыр бәйгеден, жорға аттар жарысынан өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу