«MузАРТ LIVE» жобасы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«MузАРТ LIVE» жобасы жалғасуда

11.05.2016
«MузАРТ LIVE» жобасы жалғасуда
Бүгін Елордада «МузАРТ LIVE» жобасының екінші іріктеу кезеңі өтті.

«МузАРТ» тобы ізбасарларын іздеуді жалғастырады. Бүгін Елордада «МузАРТ LIVE» жобасының екінші іріктеу кезеңі өтті. Оған кешегі тартысты бәйгеден оқ бойы озық шыққан 65 өнерпаз қатысты.

Дарын иелері түрлі жанрда ән салып, қазылар алқасының көңілінен шығуға тырысып бақты. Себебі, жеңімпаз шешуші кезеңге жолдама алады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу